A+ A A-

talgatzhan 35 26-03-2025, 14:35 0

Өскемендегі зиянды түтін туралы видеодан соң тексеру жүргізілді

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласындағы зауыттан зиянды заттардың көп мөлшерде шығарылғаны жайлы ақпараттан соң тексеру жүргізілгенімен, ауадағы ластаушы заттардың рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кешелі бері әлеуметтік желіде қаладағы Титан-магний комбинатының маңында түсірілген видео тарап кетті. Онда зауыттан апатты деңгейде зиянды заттардың шығарылып, ауаны ластап жатқаны айтылған. 

— Біздің мамандар бірден сол жерге барып, атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшеулер жүргізді. Нәтижесінде, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу дерегі тіркелген жоқ. — деп хабарлады ШҚО Экология департаментінен. 

Ведомство дерегінше, өлшеу жұмыстарының нәтижелеріне ауа райы жағдайлары, нақты айтқанда, шығарындылардың таралуына ықпал еткен желдің жылдамдығы мен бағыты әсер етуі мүмкін. 

— Зауыт тарапынан да зиянды шығарындылардың апатты деңгейде таралуына қатысты қандай да бір ақпарат келіп түспеді. Біз жағдайды бақылауды жалғастырамыз және қажет болса қолданыстағы заңнама аясында қосымша шаралар қабылдаймыз, — делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив