A+ A A-

talgatzhan 43 26-03-2025, 16:25 0

Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін / Өскемен

2025 жылдың 26 наурызында  Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған. 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив