A+ A A-

admin 41 28-03-2025, 11:30 0

Зайсандағы жаңа әуежайда кадр жеткілікті ме? 

Бүгін / Зайсан

Бұл сұраққа ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев құрылыс жұмыстарының басталуы барысында жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, әуежайда жұмыс істейтін ұшқыштар жан-жақты дайындықтан өтеді. 
- Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында осы салада еңбек ететін болашақ мамандар оқып жатыр. Бұдан бөлек, Scat, Air Astana, Fly Arystan сынды отандық компаниялардың кадр дайындайтын арнайы бағдарламалары бар. Яғни, міндетті түрде 4 жыл бойы білім алу шарт емес. 1-1,5 жылдық курстардан өтуге мүмкіндік бар, - деді министр. 
Естеріңізге сала кетейік, жаңа әуежай Зайсан қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңында салынады. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив