A+ A A-

talgatzhan 33 31-03-2025, 09:00 0

Өскеменде көлік жуушы бастығының темір тұлпарын сатып жіберген

Бүгін / Өскемен

Айыпталушы азамат Семей қаласынан Өскеменге келіп, жаңағы көлік жуу орнына жұмысқа тұрыпты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өскеменде көлік жуатын орында істейтін азамат бастығының көлігін сатып жіберген. Әу баста басшысы оған сенім артып, көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға жауап беріп отыруды тапсырған.

– Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған, – делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.

Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив