A+ A A-

talgatzhan 36 31-03-2025, 15:20 0

Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады

Бүгін / Өскемен

1 сәуірден бастап Өскемен тұрғындарын кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұған дейін Белинский көшесі, 37а бойынша ХҚКО кезекші болған.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО әдеттегі кестеден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, ШҚО-ның басқа ХҚКО-лары азаматтарға стандартты кесте бойынша қызмет көрсетеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив