A+ A A-

talgatzhan 31 1-04-2025, 10:20 0

Өскеменде автобус рельсте тұрып қалып, пойызбен соқтығыса жаздады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында полицейлер мен тұрғындар пойыз рельсінде тұрып қалған автобусты шығарып үлгерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға қаладағы теміржол өткелдерінің бірінде болды. Жолаушылар мінген автобус рельстің үстінде тұрып қалған. Алыстан келе жатқан пойыз да көрінді. 

Сол кезде тәртіп сақшылары Тимур Әбдірахманов пен Раджан Базарбекұлы дереу көмекке ұмтылған. Маңайдағы халық та қарап қалмады. 

- Полицейлер мен тұрғындар автобусты тезірек рельстен шығаруға тырысты. Олар әр секундтың маңызды екенін түсініп, жедел әрекет етті. Осылайша, апаттың алдын алып, пойыз жақындағаннан бірнеше минут бұрын автобус рельстен шығарылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив