Бұған дейін құқық қорғау органдарына 20 жастағы қала тұрғыны танысының ақша талап еткенін және бермесе күш қолданамын деп қорқытқанын жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аулалардың бірінде ақша алу кезінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Пікірлер