A+ A A-

talgatzhan 31 2-04-2025, 09:15 0

Қазақстан халқының саны 20 316 155 адамға жетті

Бүгін / Республика

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  

2025 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның тұрғындары жалпы 20 316 155 адамды құрайды. Олардың ішінде:

қала тұрғындарының саны 12 813 769,

ал ауыл тұрғындары 7 502 386 адамды құрайды.

Өткен жыл басынан бері халық саны 282 313 адамға артқан. Халық санының ең жоғары өсуі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам тұрғыны бар облыстар қатарына Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн) облыстары кіреді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив