A+ A A-

talgatzhan 24 2-04-2025, 12:00 0

ШҚО-дағы ГЭС каскады стратегиялық маңызы бар құрылыстар тізіміне енді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Cтратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізімі тағы бір нысанмен толықты.

Шығыс Қазақстан облысындағы Оба өзенінде салынатын гидроэлектростанция каскады Үкімет қаулысымен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне енді. ГЭС каскадын салу су тасқыны қаупін азайтады, өңірдің елді мекендерін қорғау үшін тасқын суларды сенімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтарды және өнеркәсіптік нысандарды сумен жабдықтау үшін жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрге дейінгі резервуарлар кешені құруға мүмкіндік береді. 3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабын суаруға және қосымша экологиялық таза электр қуатын өндіру үшін жағдай жасалады.

- Оба өзенінде ГЭС каскадын салу жобасы өңірдің гидроэнергетикалық инфрақұрылымын дамытуға елеуді жеке инвестиция тартуды көздейді. Гидроэлектростанция жаңартылатын көздерден электр қуатының қосымша көлемін өндіреді, бұл жасыл экономиканы дамыту жөніндегі ұлттық стратегияға сәйкес келеді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив