A+ A A-

talgatzhan 31 2-04-2025, 12:30 0

Қазақстанда 2 жоғары оқу орнының атауы ауысты

Бүгін / Республика

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екі өңірдегі жоғары оқу орны атауының өзгеруіне министрліктің бұйрығы әсер кеткен.

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" болып өзгертілді. 

Сонымен қатар Шәкәрім атындағы Семей университетінің атауы "Шәкәрім университеті" болып ауысқан. 

Еске салайық, Арқалық педагогикалық институты 1972 жылы 12 сәуірде құрылды, 1977 жылы қазанда жоғары оқу орнына Ы.Алтынсаринның есімі берілді.

Ал Шәкәрім атындағы университет 1934 жылы Семей педагогикалық институты ретінде жұмысын бастаса, 1936 жылы оқу орнына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. 1993 жылы институтқа Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі қайтарылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив