ЖМК және Спорт сарайы ауданындағы жерүсті өткелдерінің төбесін ауыстырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекеттік сатып алулар сайтында жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталатыны жазылған.
Сәтбаев даңғылы бойындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің (Орталық мешіт ауданы) жөндеу жұмыстарына 40 625 000 теңге қажет. Қызметке тапсырыс беруші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жұмыс 60 күнтізбелік күн ішінде аяқталады.
Сондай-ақ Сәтбаев даңғылындағы жерүсті өткелінің шатырын жөндеу үшін 13 392 000 теңге жоспарланған. Жөндеу жұмыстары 31 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.
Спорт сарайындағы жерүсті өткелінің шатырын қалпына келтіруге 44 642 000 теңге керек. Тиісті жұмыстар 29 тамызға дейін аяқталуы керек.
Үш лот бойынша өтінімдерді қабылдау 4 сәуірде аяқталады.
Жалпы алғанда жөндеу жұмыстары үшін қала бюджетінен 98 659 000 теңге бөлінеді.
Фотосурет: Factum.kz
Пікірлер