Елде бір адамға тиесілі SIM-карталар санын шектеу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта SIM-карталарды қолдануға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Егер құжат күшіне енсе, 10-нан көп SIM-карта сатып алатын азаматтардан оның қандай мақсатта пайдаланылатыны сұралады.
Мақсатсыз пайдалану айыппұлмен жазаланады. Мобильдік операторлар SIM-картаның трафигі арқылы қолдану мақсатын анықтай алады, - деді Мәдиев.
Цифрлық даму министрлігі бір адамға тиесілі SIM-карталар санын шектеу бастамасын былтырдан бері көтеріп келеді. Бұл шара алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
IM-карталардың қалай қолданылып жатқанын мобильдік операторлардың технологиялары арқылы бақылауға болады. Егер мақсатсыз пайдаланылғаны анықталса, айыппұл түріндегі жауапкершілік қарастырылады, - деді Жаслан Мәдиев.
Пікірлер