A+ A A-

talgatzhan 41 2-04-2025, 17:40 0

Қазақстанда әрбір бесінші әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады

Бүгін / Республика

Елімізде әйелдер арасында кездесетін жатыр мойны қатерлі дерті қатерлі ісік аурулары арасында екінші орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Жатыр мойны қатерлі ісігінің деңгейі әлемде де, елімізде де өте жоғары. Бұл дерт елімізде әйелдер арасында кездесетін қатерлі ісіктер арасында екінші орында тұр. Әлемде жыл сайын 600 мың адам осы ауруға шалдығады. Қазақстанда орта есеппен жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан шамамен 2 мың науқас анықталады, оның 600-і қайтыс болады, яғни әр бесінші әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады, - деді Айжан Есмағамбетова елордада өткен іс-шара барысында.

Одан әрі ұлттық орталық басшысы вакцина маңызының үш факторын атады, яғни тиімді, қауіпсіз, әрі репродуктивті функцияға ешқандай әсер етпейді.

— Вакцинациямен қамту деңгейі әр өңірде әртүрлі. Кейбір аймақтарда 60%, кейбірінде 70%-ға жеткен. Дегенмен, вакцинация деңгейі төмен аймақтар да бар. Бұл Атырау облысы, Астана мен Алматы қаласы. Сондықтан мегаполистерде халық арасында түсіндіру жұмыстарын көп жүргізу қажет. Осы орайда семинарлар сериясын елордадан бастаудамыз, - дейді ол.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды. 

Үкімет адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив