A+ A A-

talgatzhan 31 2-04-2025, 15:50 0

Садақ атып, көрме тамашалауға болады. Amanzholov University наурыз мейрамын дүркіретіп атап өтпек

Бүгін / Өскемен

Университет алдында жеті ақ боз киіз үйден тұратын «Ұлы көш» орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Наурыз мейрамын тойлаудың ең үздік дәстүрлерін әр жылы көрсетіп келеді. Биыл да сол әдетінен таймай, №1 оқу ғимараты ауласында ұлттық мерекені ашық аспан астында қайта жаңғыртады. Жан-жақтан келетін қонақтарын ауқымды көрме, ұлттық нақыштағы театрландырылған қойылымдар, қолөнер жәрмеңкесі және басқа да қызықты шаралар күтіп тұр.
Наурыз мейрамының ерекше сәні – кез келген адам өз бағын сынап көре алатын садақ және асық атудан өтетін жарыстар болмақ. Көшпелі халықтың тарихында садақ пен жебе – тек негізгі қарудың бірі ғана емес, сонымен қатар ойын-сауықтың, спорттың және терең философияның нышаны.
Университет алдында жеті ақ боз киіз үйден тұратын «Ұлы көш» орнатылады. Қонақтар Абай Құнанбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Ізғұтты Айтықов, Қаныш Сәтбаев, Сәрсен Аманжолов, Қанипа Бітібаева есімдері ұлықталған қазақ үйлерінің ұлттық көрінісімен таныса алады.
Мейрам аясында арқан тарту, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жекпе-жек бойынша сайыстар өткізіледі.
– Қатысушылардың мерекелік көңіл-күйін вокалды-аспаптық қойылымдар, әсем би нөмірлері және сахналық көріністер жандандырады. Наурыз мерекесінің соңы университет студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған мерекелік дискотекамен аяқталады, – делінген ақпаратта.
Шара наурыз айының 4-і күнгі, түскі сағат 12:00-де басталады.
Өтетін жері: 30-Гвардияшылар дивизиясы көшесі, 34

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив