Облыс орталығындағы трамвайдың жай-күйі әлі де көңіл көншітпейді. Қала басшысы Алмат Акышов трамвай паркіне барып, қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде Қазақстан, Мызы, Қабанбай батыр және С.Нұрмағамбетов көшелеріндегі, соның ішінде көпір маңындағы трамвай жолдарын жаңарту және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 2,7 шақырым рельс пен 1,3 шақырым байланыс сымы ауыстырылды.
- Жөндеу жұмыстарының қарқынына ерекше назар аудару қажет. Жолаушылар ескі трамвайлардың техникалық жағдайына байланысты қиындықтарға тап болуда. Қазіргі трамвайлардың басым бөлігі әбден тозған және жаңартуды қажет етеді, — деді Алмат Акышов.
Осыған байланысты қала әкімі трамвай қатынасын жаңғыртуда жүйелі тәсілдің жоқтығы үшін жауапты басшылыққа ескерту айтты.
Пікірлер