A+ A A-

talgatzhan 30 3-04-2025, 12:30 0

Өскеменде екі адамды кене шақты

Бүгін / Өскемен

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурыздағы жағдай бойынша облыс орталығында кене шақан екі адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Олар профилактикалық мақсатта кенеге қарсы иммуноглобулин алды.

Ал өңірдің басқа эндемиялық аймақтарында әзірге мұндай жағдайлар тіркелген жоқ.

– Қазір облыстағы медициналық ұйымдарда кене шаққан адамдарға шұғыл профилактикалық көмек көрсету үшін кенеге қарсы иммуноглобулиннің жеткілікті мөлшері бар, – деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Кененің белсенділігі табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты. Олар орташа тәуліктік ауа температурасы +3+5℃-қа жеткенде ояна бастайды, ал сынап бағанасы +15℃-қа дейін көтерілгенде белсенділігі артады. 

– Ұзақ мерзімді динамикаға сәйкес, қауіпті маусым сәуірден қыркүйекке дейін созылады.Мамыр-маусым айларында кенелердің белсенділігі артады. Екінші толқыны тамыз айының соңында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады, – дейді Сәуле Слямғазина.

Айта кетейік, кенелер тек кене энцефалитінің ғана емес, басқа да инфекциялардың тасымалдаушысы саналады. Қазіргі уақытта оларға қарсы нақты алдын алу шаралары жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив