A+ A A-

talgatzhan 30 3-04-2025, 11:50 0

Өскеменде бір күнде жоғалған үш бала табылды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына бір тәулік ішінде кәмелетке толмаған балалардың жоғалғаны туралы екі бірдей хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Алғашқы болып 5 және 10 жастағы қыздардың анасы өтінішпен жүгінген. Оның айтуынша, балалары аулаға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Анасы оларды өз бетінше іздеп таба алмаған соң полицияға жүгінді. Іздестіру жұмыстарына барлық кезекші наряд жұмылдырылды. Көп ұзамай қыздар көрші ауладан табылды. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ, - делінген ресми ақпаратта. 

Ал екінші хабарлама 13 жастағы мектеп оқушысының әкесінен түсті. Қызы таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, көп ұзамай жасөспірімді қала көшелерінен бірінен тапты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив