Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың Үлкен Нарын ауданына сапарында Солдатово ауылында әуежай салу жоспарда бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Логистикалық тұрғыдан жаңа нысан Катонқарағай, Үлкен Нарын және Алтай аудандары үшін қолайлы болмақ.
Аймақ басшысының айтуынша, әуежай ұшақтары 50-80 адамға арналуы мүмкін. Бұл туризмнің дамуы мен келушілер санының көбеюіне әсер етеді. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер өнімдерін бүкіл облыс көлеміне тарата алатын болады.
Пікірлер