A+ A A-

talgatzhan 23 3-04-2025, 13:30 0

Пойызда жолаушылардың билетсіз жүруіне жол берген қызметкерлер жазаланды

Бүгін / Республика

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың наурыз айының соңында №85/86 "Астана – Шымкент" және №3/4 "Астана – Алматы" бағыттарындағы пойыздарға жүргізілген тексеріс барысында алты жолаушының билетсіз жүргені анықталды.

- Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған фактілерге байланысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде кінәлі пойыз бригадаларының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылады. Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді. Мұндай ішкі бақылау шаралары Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттары бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылуда. ҚТЖ азаматтарды билетсіз тасымал және билеттердің заңсыз қайта сатылу жағдайлары туралы хабарлап, бұзушылықтардың алдын алуға бірге үлес қосуға шақырады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Қазақстан темір жолы билетсіз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып келетіні айтылған.

Бұл ретте пойыз бригадалары жұмысының ашықтығын арттыру үшін қоғам белсенділері мен масс-медиа өкілдерінің қатысуымен тұрақты ішкі тексерулер жүргізіп тұрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив