A+ A A-

talgatzhan 32 3-04-2025, 14:20 0

Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды

Бүгін / Республика

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде:

250 кг синтетика

1 тонна 642 кг марихуана

238 кг гашиш

322 грамм героин.

- Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив