A+ A A-

talgatzhan 31 4-04-2025, 12:20 0

Өскемен қаласының әкімі Понтон көпірін жөндеу мәселесін шешуді тапсырды

Бүгін / Өскемен

Қыс бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, көпір маңында көлік кептелісінен қозғалыс қиындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты қала басшысы Алмат Акышов жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жағдаймен танысты.

- Мердігер мекемелерге жұмысты жедел бастап, барынша тез аяқтауды тапсырдым. Жауапты құрылымдарға көпірдің техникалық жағдайын толық саралап, барлық ақауларды анықтап, нақты мерзімді белгілеу міндеттелді. Стратегиялық маңызы бар нысанның мұндай күйде қалуы – жол беруге болмайтын жағдай, - деді ол. 

Сонымен қатар Ертіс көпіріндегі көлік ағынын азайту мақсатында қозғалысты оңтайландыру жолдарын қарастыруды да тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив