A+ A A-

talgatzhan 30 4-04-2025, 14:00 0

Енді жолда көліктерге жол бермегендер айыппұл төлейді

Бүгін / Республика

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Сонымен қатар жедел және арнаулы қызметтердің көлігіне жол бермегені үшін айыппұл 7-ден 20 АЕК-ке (27 524 теңге - 78 640 теңге) дейін, ал қайталанған жағдайда – 15-тен 40 АЕК-ке (58 980 теңге - 157 280 теңге) дейін ұлғайтылған, - деді комитет басшысы брифингте.

Түзетулер азаматтарға жедел көмек көрсетуді едәуір тиімді қамтамасыз етуге бағытталған.

- Арнайы көлікке, әсіресе жедел жәрдем машинасына артықшылық бермеу біреудің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Жұмыстағы осы қызметтерді кешіктірудің әр секунды қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіну керек, - дейді ол.

Еске сала кетейік, биыл 1 АЕК 3932 теңге. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив