Бүгіннен бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде екінші деңгейлі банктер арқылы төлем мен Oskemencard жүйесі өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа жүйе бойынша жол жүру ақысын төлеу үшін азаматтар мобильді қосымша арқылы виртуалды картаны пайдалана алады. Оны ONAY! қосымшасында толтыруға болады.
Осыған дейін қолданылып келген Oskemencard карталары әлі айналымнан шығарылмады. Ондағы қаражатты қайтару үшін Қазақстан көшесі, 154 мекенжайына жүгінуге болады.
Пікірлер