Облыс орталығында әдетте 20 сәуірге дейін жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Шығыс Жылу» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде және ауаның орташа тәуліктік оң температурасының тұрақты болуына байланысты қабылданады.
Осы ретте қала әкімдігінің өкілдері екі апта ішінде жылу кезең-кезеңімен өшетінін хабарлады. Нақты күні шамамен 14 және 21 сәуір аралығында белгіленеді.
Пікірлер