A+ A A-

talgatzhan 22 11-04-2025, 10:04 0

Шығыс Қазақстанда полицейлер түнгі рейд жүргізеді

Бүгін / ШҚО

10 сәуір мен 6 мамыр аралығында облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды қорғау мақсатында “Жасөспірім” атты республикалық жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


- Соның  аясында білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, балаларға қатысты қылмыстық әрекеттерді анықтауға, көшелер мен қоғамдық орындарда бұзақылық пен қоғамға теріс әсер ететін әрекеттердің жолын кесуге баса назар аударылады. Полицейлер ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарда ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған кешкі және түнгі рейдтер жүргізеді. Сондай-ақ құзырлы органдарда тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлерін аралайды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен тыс әртүрлі мекемелерде болуына тыйым салынады. Мұндай орындарға: түнгі клубтар, барлар, мейрамханалар, дәмханалар, интернет және компьютерлік клубтар, кинотеатрлар және басқа да нысандар жатады. Сонымен қатар сағат 23:00-ден бастап таңғы сағат 6:00-ге дейін балаларға ересектердің қарауынсыз көшеде жүруге болмайды. 

- Жасөспірім кешкі уақытта аулаға, үйінің жанындағы дүкенге шықса немесе қоқыс шығарса да, полиция қызметкерлері оның не себепті  жүргенін білуге міндетті. Заңды өкілдерін жедел анықтау мүмкін болмаса, мән-жайды қосымша түсіндіру үшін бала полиция бөлімшесіне жеткізіледі, - делінген хабарламада.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив