A+ A A-

talgatzhan 30 11-04-2025, 10:50 0

Өскеменде ертең жәрмеңке өтеді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

5 сәуір сағат 08:00-14:00-де Өскемендегі «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы, 44) ұйымдастырылатын жәрмеңкеде Алтай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Әдеттегідей арзан бағада ет және шұжық өнімдері, сүт, ірімшік, қаймақ, күнбағыс майы, көкөністер сатылады.

Сондай-ақ дәл осы күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Достық үйінің алдында жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер сүт, ет, шұжық, бал, көкөністер мен жемістерді ұсынады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив