12 сәуірде қала аумағын қоқыстан тазарту мақсатында «Таза ойындар» экологиялық жобасы аясында командалық жарыс өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Кездесу орны: Назарбаев даңғылы, 83/1. Командаларды тіркеу 10:00-де басталады. Сайысқа қатысу үшін екі немесе төрт адамнан тұратын команда жинап, мобильді қосымша арқылы тіркелу керек (сілтемелер @clean_games_ukg парақшасында бар), - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Ойынның форматы квест түрінде өтеді. Командалар қоқысты жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады. Тапсырылған әрбір келі қалдық үшін қатысушылар ұпай алады. Қосымша ұпайды артефактілерді, яғни, әдеттен тыс заттарды табу немесе арнайы тапсырмаларды орындау арқылы алуға болады.
Шара қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталады. 1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 80 000 теңге, 3 орынға 60 000 теңге беріледі. Сондай-ақ қатысушыларға қайта өңделген шыныдан жасалған кубоктар мен медальдар табысталады.
Іс-шараның барлық қонағы экологиялық викторинаға қатысып, сыйлықтармен марапатталып, дәмді шай және дәстүрлі тағамдардан дәм тата алады.
Пікірлер