A+ A A-

talgatzhan 31 11-04-2025, 17:05 0

Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

Бүгін / Республика

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің 5 өңірінде, атап айтсақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ал қалған өңірлерде сәуірдің соңына дейін беріледі.

Сондай-ақ тыл ардагерлері мен жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтарға 50 мың теңгеден қарастырылып отыр. Бұл туралы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің пленумында айтылды. Жиында Жеңіс күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Ресми мәлімет бойынша елімізде 100-ден аз ғана асатын соғыс ардагері, 40 848 тыл ардагері бар екен.

Фотосурет: Егемен Қазақстан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив