Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен бірқатар қызмет түрлерін қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин Мәжілісте өтіп жатқан Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауарды, кітап басып шығару мен археология саласындағы қызметтерді салықтан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл- үш бағыт бойынша ҚҚС-тан толық босату шарасы, - деді Амрин.
Оның айтуынша, бұл бастама салықтық жеңілдіктерді кеңейту аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қосымша жеңілдіктер қарастырылып жатқан жаңа пакет те әзірленіп жатыр.
- Қазір біз қосымша ұсыныстар топтамасын әзірлеп жатырмыз. Ол бойынша да талқылаулар болады, - деді бірінші вице-министр жиында.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі:
Бірінші сортты бидай ұны;
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
Макарондар (өлшеніп салынатын);
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
Картоп;
Асханалық сәбіз;
Басты пияз;
Ақ қауданды қырыққабат;
Ақ қант – құмшекер;
Күнбағыс майы;
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
Тауық жұмыртқасы (I санатты);
Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа);
Сүзбе: майлылығы 5-9%.
Пікірлер