A+ A A-

talgatzhan 48 14-04-2025, 13:30 0

Өскеменде алаяқ ер адамның атына жеті несие рәсімдеген

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының тұрғыны мессенджерлердің бірінде алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 -Бөгде адам оның сеніміне кіріп, ұялы телефонына келген растау кодын алып, азаматтың атынан жеті шағын несие рәсімдеген. Несие соммасы 800 мың теңгеден асады, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Шаралардың нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды ескертеді: бір реттік кодтар мен жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Қазір алаяқтар түрлі әдіс-тәсілдерге барып, азаматтардың келісімінсіз-ақ несие рәсімдеп жатыр. 

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаңыз. Келіп түскен күмәнді хабарламаларды тексеріңіз және мессенджер арқылы кодтарды жолдамаңыз. Егер алаяқтыққа ұқсас әрекетті байқасаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласуыңыз қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив