Облыс орталығында жылыту маусымы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қалада жылуды біртіндеп өшіру осы аптада басталады.
Сонымен қатар, Өскеменде күн райы күрт суытпақ. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, күндізгі ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
— Жылу беру жүйесін кезең-кезеңімен өшіру 16-17 сәуірде басталады, — деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігінен.
Пікірлер