A+ A A-

talgatzhan 33 14-04-2025, 14:30 0

143 622 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?

Бүгін / Республика

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша екенін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

 

Хабарламада айтылғандай, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 44,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 465 мың адамды құрайды.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге", – делінген хабарламада

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив