Қала әкімдігінің мәліметінше, санитарлық тазалық бойынша жарияланған екі айлық аясында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Барлығы 3 638 адам көше, аула және қоғамдық орындарды тазалауға шықты. 24 арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 99 176 шаршы метр аумақ тазартылды. 747,8 текше метр қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек, 296 кәсіпкерге ескерту хаты табысталды. Сенбілікке 196 пәтер иелерінің кооперативі қатысты.
Пікірлер