A+ A A-

talgatzhan 30 15-04-2025, 09:40 0

Бүгін 8 облыста үсік жүруі мүмкін

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК  ел аумағында 15 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Дерекке қарағанда, атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның көп бөлігіне өз ықпалын сақтап, күн күркірейді.

- Күндіз еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. ҚР бойынша жел, тұман күшейюі мүмкін, - деп жазады синоптиктер.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында 30 м/с және одан аса қатты жел күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай облысының шығысында 3 градус үсік жүреді.

Түнде Ақмола облысының батысында, орталығында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Айта кетейік, СҚО алқаптарында биыл ылғал қоры жеткілікті.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив