A+ A A-

talgatzhan 31 15-04-2025, 11:00 0

Глубокое ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Бүгін / Глубокое

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Глубокое ауданына қарасты Белокаменка ауылында заманауи медициналық пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауыл аудандық ауруханадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған дейін ауыл тұрғындары тозығы жеткен, санитарлық талаптарға сай келмейтін ескі фельдшерлік-акушерлік пунктте медициналық қызмет алып келген болатын.— «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру жолында нақты істерді жүзеге асырып келеді. Бұл нысан – партиямыздың ел алдындағы уәдесінің орындалуының айқын дәлелі. Алдағы уақытта Глубокое ауданында осындай тағы 4 медициналық пункт ашу жоспарланып отыр, – деді партияның аудандық филиалының төрайымы Анна Кузнецова.

Жаңа нысан алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Медициналық қызметкерлердің штаты да толық жасақталған.

— Жаңа медпункт ашылатынын естігенде қатты қуандым. Бұрын аз ғана дәрігермен, ескі ғимаратта кезек күтіп қиналатынбыз. Енді міне, жарық, жылы, толық жабдықталған мекемеде ем алатын болдық, - дейді Белокаменка ауылының тұрғыны Вера Астраханцева.

Белокаменка ауылында 379 тұрғын бар. Оның ішінде 28 адам диспансерлік есепте, 17 тұрғын онкологиялық аурулар бойынша тіркеуде тұр. Енді олар аудан орталығына сабылмай-ақ, өз ауылында дер кезінде медициналық көмек ала алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив