Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үлкен Нарын ауданында ауыл шаруашылығы өнімін өткізбегені үшін шаруа қожалығына 1 800 000 теңгеден астам қарызы бар борышкер анықталды.
– Жыл басынан бері ШҚО ПД Көші-қон қызметі бөлімдері 16 борышкердің мекенжайын анықтады. Жалпы берешек сомасы 20 миллион теңгеден асты, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Осы ретте ШҚО ПД Көші-қон қызметі сот актілерін орындау – әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Пікірлер