13 мамырдан бастап Өскемен әуежайынан танымал туристік бағыттарға чартерлік рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ең көп күтілетін бағыттардың бірі — Антальяға тікелей әуе қатынасы.
Бұл жолаушылардың жол жүру уақытын едәуір қысқартады. Рейс шамамен 26 қыркүйекке дейін қолжетімді болмақ.
Ұшулар сейсенбі және жұма күндері, әр 10 күнде бір рет орындалады. Ұшу кестесі, тур бағасы және брондау шарттары туралы ақпаратты рейсті орындайтын әуе компаниясымен серіктес туроператорлардан нақтылауға болады.
Пікірлер