Енді жылу беру 16 сәуірде емес, 22 сәуірде тоқтатылатын болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігінің өкілдері күн суытып келе жатқанына қарамастан, жылуды өшіру жұмыстарын 16-17 сәуірде бастап жоспарланып отырғанын хабарлаған.
«Шығыс жылу» (бұрынғы «Өскемен жылу желілері») мекемесі бұл жайында әкімдік тарапынан ресми хат түспегенін айтты.
15 сәуір күні таңертең аталған кәсіпорынның баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, жылуды өшіру 22 сәуірге жоспарланып отыр.
Пікірлер