Зардап шеккендердің жас 3-18 жас аралығында, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, биыл Шығыс Қазақстанда кене шабуылы әдеттегіден әлдеқайда күшті. Былтыр көктемде мұндай жағдайлар тіркелген жоқ еді.
Маусым басынан (24 наурыз) 14 сәуірге дейін Өскемендегі Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің көмегіне кене шаққан 3-18 жас аралығындағы 65 бала жүгінді. Бір күннің өзінде 14 өтініш түскен.
- Ана мен бала орталығы травматологиялық пунктіне келгеннен кейін 63 балаға энцефалитке қарсы екпе салынды. Қалған екеуі кеш хабарлағандықтан, екпе алмады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Пікірлер