A+ A A-

talgatzhan 25 15-04-2025, 17:00 0

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30 пайызға төмендеді - ІІМ

Бүгін / Республика

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30 пайызға төмендеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


- Мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданатын шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30 пайызға, өткен жылы 3 пайызға төмендеді. Заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар тұрақты негізде қолданылады. Өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық түзетулер қабылданды, - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, аталған заңнамалық түзетулер аясында балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін татуласу алынып тасталды. Кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

- Нәтижесінде биыл кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалатын қылмыстар саны 21 пайызға төмендеді. Сондай-ақ буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Өткен жылдан бастап 247 бұзушы жауапкершілікке тартылды, - деді Әсет Оспанов.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив