Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында тоғызқұмалақ ойыны бойынша турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – “Тоғызқұмалақ” бойынша турнир өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.
Турнир – аймақтағы ардагерлер қауымдастықтарының жұмысын қолдауға әрі жандандыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігі.
Турнирдің мақсаты – ұлттық ойын “Тоғызқұмалақты” дамыту, егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.
Турнирге қатысушылар дайындықтарының жоғары деңгейін, стратегиялық ойлау қабілеттерін және дәстүрге адалдықтарын көрсетті. Іс-шара аға буын өкілдерінің бірлігін нығайтып, жылы әрі достық пейілде өтті.
Пікірлер