Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ өсімдіктердің ауқымды өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт шалғайдағы батпақты жерде 840 гектар аумақты қамтыған. Елді мекендерге қауіп төнбеді, зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 400-ден астам адам мен 70 техника жұмылдырылды, олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың күштері мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері бар. Жұмысты күші 20 м/с дейін жеткен қатты жел қиындатты. Әуеден Ми-8 тікұшақтары тартылды.
Өрт толығымен сағат 19:30-да сөндірілді.
Еске сала кетейік, жағдай облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жеке бақылауында болды.
Пікірлер