Қаладағы орталық алаңда орналасқан 500 адамдық киіз үйде Ғашықтар күніне орай “Etno Quiz” зияткерлік ойыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласында Eastler ұлттық-патриоттық ұйымының ұйымдастыруымен және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен республикалық алаңдағы киіз үйде ойы жүйріктер мен білімділердің бәсекесі ұйымдастырылды. “Etno Quiz” жобасы 2023 жылы бастау алған. Бүгінде бұл жарыс әр түрлі атаулы мерекеге орай тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ғашықтар күніне арналған бұл сайысқа облыстан барлығы отызға жуық команда қатысты. Бұдан бөлек, негізгі жарысқа қатыса алмаған командаларға да бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
- “Etno Quiz” — баламасы жоқ бірегей ойын. Сайыс барысында жиналғандарға өңірдегі түрлі кәсіпорындар өз өнімдеріне арнайы жеңілдік сертификаттары мен сыйлықтар таратты. Бұл — облыстағы ең үлкен киіз үйде өткен алғашқы зияткерлік ойын. Алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Eastler ұйымының жетекшісі Аян Қалымбек.
Айта кетейік, ой жүйріктері бас қосқан бұл сайыста бірінші орынды жастардан құралған “Бұқар жырау” командасы жеңіп алды.
Пікірлер