ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданындағы Бекбай учаскесіндегі шаруа қожалықтарының бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде пішен жанып жатты. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өрттің шаруашылық қора-жай мен басқа да ғимараттарға таралуына жол берілмеді, — делінген ақпаратта.
Барлығы 150 тонна пішен жанып кеткен. Әзірге өрттің нақты неден шыққан белгісіз. Департамент мамандары тексеру жүргізіп жатыр.
Пікірлер