A+ A A-

talgatzhan 30 17-04-2025, 15:50 0

«ONAY!» жол жүруді оңай ете ме?

Бүгін / Өскемен / Өзекті мәселе

7 сәуірден бастап Өскеменде «ONAY!» жүйесі іске қосылды. Бұл тұрғындар үшін жол жүру ақысын төлеуді жеңілдетеді деп күтілуде. Осылайша, жолаушылар діттеген жеріне жетуде бірнеше тәсілді қолдана алады: «ONAY!» ұялы қосымшасы, «ONAY!» картасы, 9909 нөміріне қоғамдық көліктің кодын SMS арқылы жіберу (Beeline, Kcell, Tele2 операторлары үшін) немесе жол ақысын қолма-қол төлеу. Бірақ бұл жағдайда билет бағасы 130 теңге тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жол ақысын төлеу жолдары

1. Қоғамдық көліктегі валидаторға «ONAY!» картасын тигізу арқылы;

2. «ONAY!» қосымшасының көмегімен:

ұялы қосымшаны ашу;
кіру үшін құпия сөзді енгізу;
QR-кодты сканерлеу немесе «Код арқылы төлеу» бөліміне кіріп, қоғамдық көлік кодын енгізу;
Төлемді растау;

Қажет болған жағдайда түбіртекті кондукторға көрсету қажет.

3. SMS-хабарлама арқылы:

Ұялы телефондағы «Хабарламалар» бөлімін ашу;
9909 нөміріне қоғамдық көлік кодын енгізу;
SMS арқылы келген түбіртекті кондукторға көрсету.

«ONAY!»-ды толтыру тәсілдері

1. Жол жүру картасын «ONAY!» мобильді қосымшасы арқылы толтыру.

Ол үшін үнемі қолданатын картаны тіркеуге болады. Қажет соманы банк картасынан шотқа бір рет аударуға да болады. Айта кетейік, төлемді кез келген банктің картасы арқылы жасауға мүмкіндік бар.

2. «ONAY!» карта теңгерімін QIWI немесе Kaspi төлем жүйелерінде тіркелген электрондық әмияннан қаражат аудару арқылы толтыруға болады. Сондай-ақ карта балансын Kaspi және Halyk Bank арқылы толтыра аласыз.

Kaspi.kz арқылы теңгерім толтыру үлгісі:

1. «Төлемдер» бөліміне кіру;

2. Іздеу мәзірінде «ONAY!»-ды таңдау;

3. Карта штрих-кодын сканерлеу немесе карта нөмірін өз бетінше енгізу;

4. Қажет соманы енгізу;

5. «Төлеу» батырмасын басу.

Егер жолаушы көлік картасының теңгерімін «ONAY!» мобильді қосымша немесе банктердің ұялы қосымшасы (Kaspi, Halyk) арқылы толтыра алмаса, онда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын қолдануға болады. Атап айтқанда, «Qiwi Kazakhstan» ЖШС (QIWI), «Astana Plat» ЖШС (Касса 24). Облыс орталығында дәл осындай бірнеше терминал жұмыс істейді.

Картаға қаражат аударудың тағы бір тәсілі – компания филиалына жүніну. Мекенжайы: Шәкәрім даңғылы, 171. Жұмыс уақыты: 08:00-17:00, түскі үзіліс: 12:00-13:00. Сенбі және жексенбі – демалыс.

 

Кімдер жеңілдікпен жол жүре алады?

Облыс орталығында төмендегі санатқа жататын азаматтар жеңілдікпен жол жүре алады:

1. 70 жастан асқан зейнеткерлер;

2. «Әлеуметтік карта» санатына жататын азаматтар: АӘК (Атаулы әлеуметтік көмек) алатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан 7-18 жас аралығындағы балалар, Өскемен қаласының құрметті азаматтары, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС қатысқандардың жесірлері, Ауған соғысының ардагерлері, концлагерь тұтқындары, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары мен екінші топтағы мүгедектер (көру қабілетіне байланысты).

3. «Республикалық жеңілдік» санатына жататындар: «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқасымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, бірінші топтағы мүгедектер;

4. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, колледж студенттері мен мектеп оқушылары.

«ONAY!» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, егер азамат жоғарыда аталған тізімге кірмесе, жергілікті атқарушы органға жүгінуі керек. Өйткені компания қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүретін азаматтар санатын белгілей алмайды.

Жеңілдік картасын қайдан алуға болады?

Жеңілдетілген санатқа жататын азаматтар төмендегі мекенжайларға барып, өтініш бере алады:

«ONAY!» халыққа қызмет көрсету орталығы (Шәкәрім даңғылы, 171);
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Шәкәрім даңғылы, 149/10);
Жастар ресурстық орталығы (Жібек жолы көшесі, 3);
Жолаушылар тасымалын басқару орталығы (Қазақстан көшесі, 154).
Жұмыс уақыты: сағат 08:00-17:00 аралығында.

Сондай-ақ 70 жастан асқан зейнеткерлер жеңілдік картасын алу үшін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық басқару орталығының бөлімшелеріне жүгіне алады:
Сәтбаев даңғылы, 36;
Пахомов көшесі, 8;
Чехов көшесі, 68;
Буров көшесі, 24;
Б.Шаяхметов көшесі, 4;
Атлантика көшесі, 38;
Добролюбов көшесі, 25;

Б.Гагарин көшесі, 20;
М.Тынышпаев көшесі, 123;
Бажов көшесі, 546;
М.Горький көшесі, 11а;
Жұмыс уақыты: сағат 08:00-17:00 аралығында.
Карталар аптасына екі рет өтініш берілген жерде беріледі.

«ONAY!» картасы сатылымда

Әдеттегі пластикалық карта 780-1000 теңге аралығында тұрады (стандартты құны – 800 теңге). Сондай-ақ «ONAY!» қосымшасында электронды карта ашуға болады.

Картаны сатып алу нүктелері:

«Металлург» СҮ, Назарбаев даңғылы, 37;
Назарбаев даңғылы, 83/1;
«ЦУМ» СО, 1 қабат, М.Горький көшесі, 71;

«Эмилия» СҮ, Әуезов даңғылы, 11/1;
«ADK River» СҮ, 1 қабат, Қазақстан көшесі, 62;
«Әлем» СҮ, 2 қабат, Қабанбай батыр көшесі, 142;
Өскемен қаласының теміржол вокзалы, Мызы көшесі;
«Океан» СҮ, 1 қабат, Өтепов көшесі, 25/2;
Қ.Сәтбаев даңғылы, 14/2, 1 қабат;

«Береке» дүкені, Рижская көшесі, 19;
«Харизма» дүкені, Бажов көшесі, 333;
«Ел-Еңбек» СҮ, Б.Шаяхметов көшесі, 12;
«Светофор», Защита, Теміржолшылар көшесі, 114;
«Әділ» дүкені, Островский көшесі, 6;
«ХанТоғас» шағын маркеті, Б.Момышұлы көшесі, 17.

 

Карта теңгерімін қалай тексереді?

Теңгерімді ұялы қосымшаның өзінде немесе екінші деңгейлі банк қосымшаларында картаны толтыру кезінде тексеруге болады. Кез келген сұрақтар бойынша қала тұрғындары call-орталыққа хабарласа алады: 8 777 397 01 91.

Аянат МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив