A+ A A-

talgatzhan 13 18-04-2025, 09:00 0

Елімізде әуе билеттерінің неге қымбат екені белгілі болды

Бүгін / Республика

Сенаттың жалпы отырысында депутат Сүйіндік Алдашев елдегі азаматтық авиациясындағы проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандықтарды әуе билеттерінің бағасы да алаңдатуда.

Депутаттың айтуынша, билет құнының 36,5%-ын отын алып отыр. Техникалық қызмет көрсету – 14,9%, әуежайға қызмет көрсету – 10,7% және жолаушыларға қызмет көрсету – 6,1%-ды құрайды. Сонымен қатар жанармай нарығына ешкім кіре алмайды, ашық емес.

- Авиаотынды сатудан түскен кіріс әуежайлардағы кірістің негізгі бөлігін құрайды. Басқа ойыншылардың осы инфрақұрылымға қол жеткізуіне мүдделі емес әуежайлар бар, бұл авиакомпаниялар үшін отынның жоғары құнының себебі болып саналады және нәтижесінде әуе билеттерінің құнына әсер етеді. Өкінішке қарай, бүгінде авиаотынды сатудың және оның бағасын белгілеудің ашық тетігі жоқ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұл мәселені реттеуге бірыңғай көзқарасы жоқ, - деді Сүйіндік Алдашев депутаттық сауалында.

Сенатор әуежайларды дамытуға жүйелі көзқарастың жоқтығына да тоқталды. Олардың көпшілігі жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады және шығынға ұшырайды. Инфрақұрылым тозған, жабдық ескірген және әуежайлардың жартысы шұғыл жөндеуді қажет етеді.

- Отандық азаматтық авиацияны басқарудың тиімді оңтайлы үлгісін әзірлеуді ұсынамыз. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті ұлғайту мәселесін шешу керек. Авиакомпанияны авиаотынмен қамтамасыз ету жөнінде бірыңғай жүйелі тәсілдер әзірлеу керек. Әуежайлар бейінді емес қызмет түрлерін қоспағанда, негізгі қызмет түріне назар аударуы керек. Осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру, әуежайлардың қызметіне инвесторларды тарту жөніндегі оңтайлы тетіктерді әзірлеу керек, - деді сенатор.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив