Облыс орталығындағы №46 мектепте "Суды үнемде – болашақты сақта" атты республикалық ауқымды жоба аясында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен ашық эко-сабақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саясаты департаментінің директоры Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы 348 білім алушыға су ресурстарына ұқыпты қараудың маңызы туралы әңгімеледі.
Іс-шара бағдарламасы суды үнемдеу жолдарын талқылаумен қатар, тәжірибелік көрсетілімдерді де қамтыды. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары ластанған суды тазарту әдістерін көрсетіп, өсімдіктерді үнемді суаруға арналған тамшылатып суару жүйелерін таныстырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы эко-үгіт-насихат жұмыстары бастап, су ресурстарын тиімді пайдалану туралы тақырыптық плакаттар жасады.
Айта кетейік, аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.
Пікірлер