Облыс орталығында 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында санитарлық тазалық бойынша екі айлық жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, 19 сәуірде сағат 09:00-де кезекті сенбілік өтеді.
- Бейжай қарамайтын қала тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, шағын және орта бизнес өкілдерін өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. ПИК және МИБ-тің белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс істейтініне үміт артамыз, - делінген хабарламада.
Әр мекеме мен ұйым өзіне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқысты шығаруды мүмкіндігінше өз бетімен ұйымдастырады.
Пікірлер