A+ A A-

talgatzhan 33 18-04-2025, 15:20 0

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% артты

Бүгін / Республика

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1 014,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 90% жеке құрылыс компаниялары, 8,2% – шетелдік, 1,8% мемлекеттік мекемелер орындаған.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,4% артты. 2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру мен денсаулық сақтау саласында 36 мектеп, мектепке дейінгі 7 ұйым және амбулаториялық-емханалық 6 мекеме пайдалануға берілді.

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 27,2%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,9%) және тұрғын үйлердің (13,5%) құрылысы алады.

Айлар бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

Аумақтық бөлінісінде республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау облысы (2,4 есе), Астана қаласында (81,6%), Ақмола (79,2%), Қостанай (66,5%), Түркістан (57,4%), Қызылорда (51,3%), Алматы (46,3%), Жетісу (39,8%), Павлодар (32,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (28,8%) және Шымкент қаласында (27,2%) байқалады.

2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 49324 оқу орнына арналған 36 жалпы білім беретін мектеп, 1304 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 230 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив