A+ A A-

talgatzhan 23 18-04-2025, 16:00 0

Өскеменде ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

Бүгін / Республика

Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінің кітапхана залында Шығыс Қазақстан облысы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық және қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен қатар, облыстық Дін істері басқармасы мен Ішкі саясат басқармасының өкілдері, сондай-ақ қала мешіттерінің имамдары қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Аталған кеңестің басты мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын бірлесе қарастыру болды. Жиын барысында соңғы уақытта халық арасында жиі көтеріліп жүрген дәстүрлі діни рәсімдерге байланысты бірқатар мәселе күн тәртібіне енгізілді. Атап айтқанда, ас беру, жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты облыстық ақсақалдар кеңесінің ортақ ұстанымы мен ұсыныстары талқыланды. Бұл мәселелердің барлығы ел арасында бірізділік қалыптастыру, артық шығын мен ысырапқа жол бермеу мақсатында қарастырылды.

Сондай-ақ биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Осыған байланысты ардагерлер мен ақсақалдардың мерекелік шараларға белсенді қатысуы жайлы ұсыныстар айтылып, жоспарлар құрылды. Ақсақалдар жастарға патриоттық тәрбие беруде, өткеннің өнегесін жеткізуде маңызды рөл атқаратыны сөз болды.

Кеңес барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сабыр Оспанов:
– Бүгінгі басқосуда айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер қоғамымыздың рухани-мәдени дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Дәстүр мен діннің өзара үйлесім табуы, әсіресе жастар арасында дұрыс түсінік қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз, – деп атап өтті.

Кеңес қорытындысында барлық қатысушы бірлесе жұмыс істеуге, өзара пікір алмасуға және қоғам игілігі үшін бірқатар нақты бастамаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив